Спорт Қазақстан
$440.92 €475.36 ₽4.82
×

Елордада «Наурыз-2024 ұлттық сыйлығының» иегерлері марапатталды

20.03.2024ж. 20:00
184
Елордада «Наурыз-2024 ұлттық сыйлығының» иегерлері марапатталды

Елордада «Наурыз-2024 ұлттық сыйлығының» иегерлері марапатталды. Ұлттық құндылықтардың насихатталуы мен дамуына елеулі үлес қосып жүрген жандар арасындағы бұл байқау жылда өткізіледі. Биыл әр өңірден жиналған 9 адам топ жарды. Олардың әрқайсысына 1 миллион теңге көлемінде сыйақы берілді. Байқау Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті.

Байқау 9 номинация бойынша өтті. Әр өңірдің кіл мықтылары Астанада бас қосты. Олардың арасында үздік би ансамблі мен этно фольклорлық ұжым бар. Димаш Құдайбергенге қазақы нақышта шапан тіккен дизайнер де келген. Құс пен итті баптап, ат спортын дамытып жүрген жандар да осы жерден табылды.

Назгүл САРЫБАЙ, «НАУРЫЗ-2024 ҰЛТТЫҚ СЫЙЛЫҒЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ:

Жыл сайын «Наурыз ұлттық сылығының» номинацияларының қатары өзгеріп отырады. Бір жылдары «Құсбегі», «Итбегі», «Атбегі» деген жоқ болса олар қосылып жатыр.

Байқауда топ жарған жеңімпаздың бірі – Арман Қошқаров. Ол ұлттық байқауда «Үздік құсбегі» атанды. 15 жылдан бері айналысады. Әкесінің жолын қуған.

Арман ҚОШҚАРОВ, «ҮЗДІК ҚҰСБЕГІ-2024» НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРІ:

8 жарыс болды соның алтауынан бірінші орын, екеуінен екінші орын, «Жыл үздігін» алып жатырмыз. 12-16 жылы да алғанмын. Ұлттық спортымыз дами берсін.

Жеңімпаздардың арасында бір жылқысы бір бәйгеде төрт көлік ұтып алған Бүркіт Серікбек бар. Ол «Үздік атбегі» номинация бойынша жеңімпаз атанды. Ата-бабадан қалған аманатты жалғап, жылқының жырын жырлап жүрген азамат талай байқауда бой көрсеткен. Топ жарып, талантының арқасында талайды тамсандырған.

Бүркіт СЕРІКБЕК, «ҮЗДІК АТБЕГІ-2024» НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРІ:

50-ден аса автокөлік ұттық. Джип ұттық – ең үлкені. Пәтер ұттым Ақтау қаласында Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығында.

Ұлттық құндылықты дәріптейтін байқау Астана қалалық әкімдігінің қолдауымен өткізілді. Үздіктерге «Тайқазан» естелік статуэткасы мен миллион теңге берілді.