Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Алдағы мереке күндері ауа райы қандай болады?

AstanaTV
20.03.2024ж. 23:50
415
Алдағы мереке күндері ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" синоптиктері алдағы мереке күндері ауа райы қандай болатынын айтты.

Синоптиктер Наурыз мейрамында Қазақстанның ауа-райы екі түрлі температурада болады деп болжап отыр. Еліміздің батысы мен солтүстігіне антициклон әсер етеді. Жауын-шашын болмайды, түнде -10-18 градус аяз болуы ықтимал. Бірақ күндіз термометр бағандары нөлден жоғарылайды.

Республиканың орталық, оңтүстік және шығыс аймақтары циклонның ықпалында болады. Соған орай жаңбыр жауады. Кей аймақтарда қатты жел тұрып, қар жаууы мүмкін. Республика бойынша тұман мен көктайғақ күтіледі.