Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Ұлыстың ұлы күні Астананың әр көшесінде, әр ауласында аталып өтілуде

21.03.2024ж. 15:00
169
Ұлыстың ұлы күні Астананың әр көшесінде, әр ауласында аталып өтілуде

Ұлыстың ұлы күніне арналған шаралар Астананың әр көшесінде, әр ауласында өтіп жатыр. Көпқабатты үйлердің тұрғындары ұйымшылдық танытып, мерекені жоғары деңгейде ұйымдастырған. Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін осында жүр. Барлығы бір-біріне құшақ жайып, жылы лебіздерін білдіруде.

Айшолпан СЕРІКҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Наурыз құтты болсын, ақ мол болсын. Біздің ауданда бірінші рет болып жатыр. Жақсы өтіп жатыр. Көже іштік, дәмді. Бала-шағаларымызбен жүрміз. Мінекей, ән-өлең тыңдап жатырмыз. Қазақстанымыз осылай өркейе берсін.

Халыққа наурыз көже мен палау, ыстық шәй мен бауырсақ ұсынылып жатыр. Арнайы концерттік бағдарлама көрсетіліп, ұлттық ойындардан жарыстар өтуде.

Малика АРМАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Халыққа наурыз көже таратылып, бауырсақ беріліп, қазанда ыстық тамақ әзірлеп, барлығы наурызды құшақ жая қарсы алып жатыр. Халықтың көңіл күйі тамаша, мәз-мейрам .