Перуде ғалымдар Амазонка өзенінде мекен еткен дельфиннің бас сүйегін тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Алып жануардың ұзындығы 3-3,5 метр шамалас, автобустың көлеміндей. Зерттеуге сәйкес дельфин 16 миллион жыл бұрын тіршілік еткен болуы мүмкін.
"Бұл жаңалық дельфиндер эволюциясымен кеңірек танысуға мүмкіндік берді", – дейді ғалымдар.
Енді жергілікті ғалымдар Амазонканы мекен еткен басқа да тіршілік иелерін зерттеуді жоспарлап отыр.
"Біз бұл экспедицияны 2018 жылы жасап, үлкен ғылыми жаңалық аштық. Ежелгі жануарды "Пебанист Якурун" деп атадық. Бұрын бұл дельфиндер Амазонкада да, Үндістанда да тіршілік еткен. Кейін Амазонкада жойылып кетті", - деді палеонтолог Родолфо Салас.