Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

"Күйеуімнің анасының атын бердік": Баян Мақсатқызы әйелдерге арналған оңалту орталығын ашты

AstanaTV
26.03.2024ж. 16:00
1020
"Күйеуімнің анасының атын бердік": Баян Мақсатқызы әйелдерге арналған оңалту орталығын ашты

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Мен зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер мен балаларға арналған оңалту орталығын ашуды жоспарлап жүргенімді айтқан болатынмын. Ол дайын болды. Жақын арадан орталық өз жұмысын бастайды. Қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылық азаю үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Біз құтқару орталықтарын емес, бақыт үйлерін ашуымыз керек. Жүзге жуық әйелді қабылдайтын орталық үлкен, жарық әрі жайлы. Бізде жетекші мамандар психолог, заңгер, медицина қызметкерлері, тәрбиеші және оқытушылар жұмыс істейді. Барлық әйелді қалай құтқаруға болады? Ол мүмкін емес шығар. Мүмкін, бұл мәселеге қатысты қоғамның ойы мен көзқарасын өзгерткен дұрыс шығар. Зорлық-зомбылыққа жол жоқ", - деп жазды продюсер. Бұл туралы   smartnews.kz сайты хабарлады.

Баян Мақсатқызының айтуынша, орталыққа енесінің атын берген.

"Оңалту орталығын Клара деп атадық. Бұл - менің күйеуімінің анасының аты. Мен ол кісінің бізге көктен қарап, біздің игі бастамамызға батасын беретініне сенемін", - деп жазды ол.