$488.11 €530.09 ₽5.01
×

Педагогика ғылымдарының докторы Қанипа Атемованың 60 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті

26.03.2024ж. 20:00
1047
Педагогика ғылымдарының докторы Қанипа Атемованың 60 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті

Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Әлеуметтік ғылымдар факультетінде «Отбасы және Қоғам: Дәстүрлі тәрбиеге жаһанданудың ықпалы» тақырыбында іс-шара өтті. Ол педагогика ғылымдарының докторы "Отбасы құндылығы" тақырыбындағы бірнеше ғылыми жобалардың авторы Қанипа Атемованың 60 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған. Басқосуда дәстүрлі тәрбиеге әсер етуші жаһанданудың оң шешімдерін отбасы тәрбиесінде қолдану мәселелері көтерілді. Докторанттар "Ата-аналарға педагогикалық кеңестер", "Әке мен бала қарым-қатынасының ұл бала болашағына әсері ", "Жасөспірімдердің виктимдік мінез-құлқының қалыптасуына отбасының әсері" тақырыптары аясында баяндама жасады. Қыз бен ұл тәрбиесі, ата-ананың рөлі, буллинг, кибербуллинг туралы да сөз болды. Сондай-ақ отбасының бүгінгі сипаты, құрылымы және ондағы тәрбиенің өзгеріп жатқандығы айтылды. Аталған мәселелерді шешу үшін ата-аналарға арналған жобалар ұсынылды. 


Қанипа АТЕМОВА, ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ: 

Отбасы тәрбиесінің тарихи аспектіде зерттеген өзімнің зерттеулерімнің. Сонау 9 ғасырдан бері Зерттеліп келген түркі әлеміне байланысты зерттеулердің, бүгін заманауи қазақ қоғамында бүгінгі міселелермен жалғасын тауып жатқандығын көрсету негізгі мақсат етілді.