Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Оңтүстікте қызғалдақ пен өрік ағашы гүлдей бастады

Оңтүстікте қызғалдақ пен өрік ағашы гүлдей бастады

Оңтүстікте көктемнің сәні кіріп келеді. Қырда қызғалдақ гүлдеді. Қарт Қаратаудың басындағы сұлулықты фотограф, гид Тимур Байғұлов таспалап, әлеуметтік желіге салған. Қырдың қызыл кілеміндей көрініс көз тартады. Шымкентте өрік ағашы да гүлдей бастады. Қыстың қатты әрі ұзақ болуына қарамастан жеміс ағаштары ақпан айының соңында-ақ бүр жара бастаған. Соңғы тәуліктерде тіпті жайқалып, әдемі гүлдерімен айналаға ерекше әсер қалдырып тұр. Бүгін Шымкентте ауа температурасы 26 градусқа дейін көтерілді. Десе де, тұрғындардың өріктер үсіп кетпейді ме деген уайымдарын Қазгидромет мамандарының мәліметі сейілтті. Мамандар сәуір айының алғашқы онкүндігіне дейін күн жылы болады деп болжайды.