$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Оралда қала әкімдігі суға кетті

26.03.2024ж. 20:00
692
Оралда қала әкімдігі суға кетті

Оралда тұрғын үйлер түгілі, қала әкімдігінің өзі суға кетті. Ғимараттың астыңғы қабатына жайылған суды мамандар арнайы техникамен сорып тазартып жатыр.

Қазір ғимарат электр желісінен ажыратылған, өйткені мұндағы су тобықтан асады. Жертөледе орналасқан кабинеттердің бәрі иесіз қалыпты. Қажет құжаттарын қаттаған шенеуніктер қауіпсіз жерге көшуге асығып жатыр. Бүгінде қаладағы жағдай мәз емес. Толассыз жауған жаңбыр көшедегі арықты суға толтырып, үйлерге су кірді. Әкімдік бұған тұрғындардың өздерін кінәлайды. Өйткені көбі қыс бойы ауласын тазаламапты.

Жандос ДҮЙСЕНҒАЛИЕВ, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жеке сектордың ауласындағы қарын шығаруы өте мардымсыз. Ауласына кірсек, тау-тау қарлар жатыр. Табиғи сипаттағы жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай әлі жарияланған жоқ. Бірақ комиссионно шешетін боламыз төтенше жағдай жариялаймыз ба, жоқ па?

Ал тұрғындар мұнымен келіспейді. Өйткені үй немесе жол салған кезде су өтетін жол ескерілмеген. Бұл аздай арықтар да дұрыс тазаланбапты. Қазір қала маңындағы елді мекендердің суын тазартуға 100-ге тарта арнайы техника шығарылған. Егер шаһарды қоршаған үш өзеннің суы көтерілсе, саяжайлардың да жағдайы қиындамақ.

Күнсұлу МӘЖИТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Шелектеп тасыдық, бірақ та бұдан пайда болған жоқ. Бүгінгі жаңбыр, жаңбырдың суы арықты толтырды. Арықтан көршілерге кірді. Көршілерден бізге. Әкімиятқа мен жібердім, фотоға түсірдім, звондадым, ешкім де алмайды.