$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ерлан Қарин: Сирия бойынша келіссөз - халықаралық маңызды оқиға

AstanaTV
20.01.2017ж. 20:00
2745
Ерлан Қарин: Сирия бойынша келіссөз - халықаралық маңызды оқиға

Қазақстан Сирия бойынша келіссөздер жүргізілетін тұрақты алаңға айналуы ықтимал. «Астана» арнасы тілшілеріне сұхбат берген Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин осындай пікір айтты. Дегенмен, ол қатысушылардың бірден ымыраға келуі екіталай екенін жоққа шығармайды. Әйтсе де, тараптардың бір үстел басына отыруы Таяу Шығыстағы шиеленісті реттеуге жасалған қадам,- дейді. Қариннің сөзінше, шара халықаралық қауымдастықты да қызықтырып отыр.

Ерлан Қарин, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры:

Басты мәселе - тыныштық орнату. Өзара бітімге келу. Дәл қазіргі ахуалды ескерсек, мақсат елдегі әскери текетірестің деңгейі мен атыстар қарқынын төмендету болып табылады. Тек осы жағдайда ғана Сирия дағдарысын шешудің жолдарын қарастыруға мүмкіндік тумақ. 

Айта кетсек, Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған Сирия шиеленісіне қатысты келіссөздерді Астанада өткізуді ұсынған. Нұрсұлтан Назарбаев бұл бастаманы қолдады. Кездесу қаңтардың 23-іне белгіленген.