$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Лудоманияны емдейтін орталықтардың лицензиясы жоқ», - депутат

27.03.2024ж. 20:00
624
«Лудоманияны емдейтін орталықтардың лицензиясы жоқ», - депутат

Лудомандарды емдейтін орталықтардың көбінде лицензия жоқ. «Ойынға тәуелділердің дерттен айықпауына бірден-бір себеп – осы», - дейді депутаттар. Өйткені мұндай мекемелер әр емделушіден айына миллиондап ақша алады. Сол кірістен айырылып қалмас үшін әдейі дұрыс ем жүргізбейтінін айтады. Жауаптылар жақында тексеріс жүргізіп, нысандардың санын 3 есеге қысқартқан. Жұмыс әлі де жалғасады.

Нартай СӘРСЕНҒАЛИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Елімізде бүгінге дейін лудомания дертінің себебі және нақты салдары, оны емдеудің түпкі концепциясы бекітілмегенін айтты. Бүгінге дейін сұрап отырған қаражаттар жылына 12 миллион теңге. Емдеу орталықтарының құны бір адамға 500 мың - миллион дейді. Ол бергі жағы. 3 миллионға дейін кетеді емдеу құндары. Оны емдеу орталықтарына барып, көзбен көріп қайттым, содан айтып отырғанымыз.
Енді несиесі бар азаматтар бәс тіге алмайды. Ойын ойнау құқығы шектелгендердің арасында алимент төлей алмай жүргендер де бар. Бұдан бөлек, 25 жасқа толмаған жастарға құмар ойын ойнауға тыйым салынады. Депутаттар букмекерлік кеңселердің жарнамасын жоюды да жоспарлап отыр.

Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Заңда максималды түрде букмекерлік кеңселер мен казинолардың жарнамасын шектеу қарастырылған. Онда үйлердің қасбеттерінде, ғимараттарда, құрылыстардың қоршауларында, көлік құралдарында сыртқы жарнамаға тыйым салынады. Интернет ресурстарында, ресми сайттарда, телеарналар мен радиода, мерзімді баспа басылымдарында, кино беттерінде жарнамаға толық тыйым салынады.