Қостанай облысы Екіді елді мекенінің маңындағы Қонай қыстауынан 12 адам тікұшақпен эвакуаицяланды. Төтеншеліктер Ми-8 тікұшағымен елдімекенге барды. Құтқарылғандар жақын маңдағы елді мекендерге жеткізілді. Медициналық көмек қажет болған жоқ. Елді мекенге қатынас жоқ. Жарық сөніп, байланыс үзілген. 50-ге жуық үйге су кіріп, қабырғалары сөгілген. Мал мен мүлік шығынын арнайы комиссия есептейтін болады. Тобыл өңірінде тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқарушылар жалпы 37 адамды қауіпсіз жерге жеткізді. Оның он сегізі бала.
Қайрат ҚАСЫМ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСШЫСЫ:
Жол қатынасы үзілген. Қазір арнайы қайықтар бар. Вездеходтар бар. Сонымен жүріп жатырмыз .Біздің басты мақсатымыз адам өмірін сақтау, денсаулығымен. Мүлікті сосын санаймыз. Арнайы комиссия болады. Тексереді.