$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Енді мопед айдау үшін де жүргізуші куәлігі керек", - ІІМ

28.03.2024ж. 20:00
828
"Енді мопед айдау үшін де жүргізуші куәлігі керек", - ІІМ

Енді елімізде мопед айдайтындарға жүргізуші куәлігін алу міндеттеледі. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха сенат қабырғасында айтты. Қазір заңға енгізілетін түзетулер пысықталып жатыр. Мопедтер көлік құралы ретінде тіркеледі. Осылайша құзырлылар жауапкершілікті күшейтпек. 

Игорь ЛЕПЕХА, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қозғалтқыш көлеміне қарамастан мопедтердің барлығы көлік санатына жатқызылады. Оларды жүргізу үшін А1 нұсқасындағы жүргізуші куәлігі мен 16 жастан асу керек. Осыдан кейін мопедтердің барлығын тіркеп, есепке қоямыз. Қазір осы көлік түрлерін басқаратындарға іс жүзінде ешқандай жауапкершілік жүктелмеген