$474.72 €515.17 ₽5.58
×

ЖСДП жетекшілері Алматыда жастармен кездесті

AstanaTV
03.03.2016ж. 20:00
2245
ЖСДП  жетекшілері  Алматыда жастармен кездесті

Экономикалық ахуалға қатысты болжамдар, білім және денсаулық сақтау саласына қатысты мәселелер. Бүгінгі таңда жастарды осы тақырыптар көбірек алаңдатады. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия өкілдері Алматыдағы жас сайлаушылармен өткен кездесу барысында осыған көз жеткізді. Басқосуда үгіт-насихат жұмыстарының барысы туралы айтылды. Сондай-ақ партияның сайлауалды бағдарламасы сөз болды. Жармахан Тұяқбай бастаған ЖСДП жетекшілері  жастардың түрлі тақырыптағы сауалдарына да жауап берді. Кездесуге қатысқан жас буын өкілдері өз замандастары туралы да ойларын ортаға салды.  Жалпыұлттық социал-демократиялық партия  сайлауалды үгіт-насихат шараларынан бөлек, пікірталас алаңын ұйымдастыруды жоспарлаған. Барлық аймақтарда жастардың қатысуымен дөңгелек үстелдер, флешмобтар мен акциялар өткізу қолға алынбақ. Басқосуда партияның сайлауалды бағдарламасының жастарға қатысты тұстары кеңінен талқыланды. Саяси ұйымның үгіт-насихат шаралары мен еріктілердің жоспарлары туралы да айтылды. 


 Әнуар Шотбай, ЖСДП жастар қанатының хатшысы: 

Бүгінгі таңда жастарды біржақты мәселелер алаңдатып қоймайды. Қазір біздің жастарды бәрі алаңдатады. Бұл тұрмыстық мәселелерден бастап, әлеуметік мәселеден бастап геосаяси жағдаймен.  «Біздің жастар әртүрлі арқайсысы тұлға , әрқайсының өз жеке көзқарасы бар.


Мәди Бекболат, ЖСДП жастар қанатының өкілі:  

Жастардың  өз  болашағы үшін  күш-жігерін аямай жұмсауына мүмкіндігі мол.  Қоғамдағы өзгерістерден шет қалмай, білімді де білікті маман болуға ұмтылу керек. Қазіргі жастар белсенді және түрлі шараларға қатысады. Көпшілігі әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы әлемде болып жатқан жаңалықтарды жіті бақылап отырады. 


Базаргүл ОТЫНШИЕВА