$474.72 €515.17 ₽5.58
×

«Бірлік» партиясының үгіт-насихат тобы Қарағандыға барды

AstanaTV
03.03.2016ж. 20:00
2437
«Бірлік» партиясының үгіт-насихат тобы Қарағандыға барды

Озық технологияларды өндіріске енгізу арқылы ауаға тарайтын зиянды қалдықтарды азайту. «Бірлік» партиясы өкілдерінің ұстанған бағыты осы. Халықты қоршаған ортаны қорғауға шақырған белсенділер Қарағанды облысындағы «Құрылыс МЕТ» серіктестігі жұмысшыларымен кездесті. Өз сайлауалды бағдарламасын таныстырған саяси ұйым өкілдері экологиялық мәселелерге жіті көңіл бөлетіндерін жеткізді. Экологиялық ахуалдың нашарлауы әсіресе, өндірісі өркендеген аймақтарға тән мәселе. Сондықтан шахталар мен зауыт, фабрикалар лас  қалдықтарды жоюға барынша күш салу қажет. «Бірлік» партиясының өкілдері кәсіпорын қызметкерлеріне осы бағытта атқарылуы тиіс жұмыстарды түсіндірді. Экологиялық талаптардың сақталуын жіті қадағалау үшін кәсіпорындарға міндетті экологиялық аудит жүйесін енгізуді ұсынды. 

Бауыржан Бөрібек, «Бірлік»  партиясы төрағасының орынбасары:  

 Еуропалық стандарттарға сай экологиялық қадағалау жүргізу,  қазіргі таңда  өзекті болып тұр. Бірлік партиясы да бұл іске атсалысып, барлық өндіріс орындарында халықаралық деңгейдегі экологиялық аудит жүйесін енгізуді қолдайды. 


Базаргүл ОТЫНШИЕВА