Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қызылордада темір жол арқылы салынуы тиіс көпір құрылысы басталмай жатып дау туындауда

Қызылордада темір жол арқылы салынуы тиіс көпір құрылысы басталмай жатып дау туындауда

Қызылордада темір жол арқылы салынуы тиіс көпір құрылысы басталмай жатып дау туғызды. Құрылыс үшін әкімдік 27 учаскені мемлекет меншігіне сатып алуы тиіс болған. Алайда тұрғындар жеріміз бен үйімізді нарық бағасынан әлдеқайда төмен бағалады деп ашулы. Олар базынасын айтып, әкімдікке барды. Мәселені аймақтағы тілшіміз тарқатады.

Қаладағы Жанқожа батыр көшесі арқылы темір жолдың бойынан өткел салу өзекті мәселе. Себебі талайдың ажалы осы жерден келді. Оның үстіне бұл - көлік кептелісін азайтудың тиімді жолы. Сондықтан тұрғындар үйлерін босатып, көшуге қарсы емес. Алайда, кейбірі әкімдік беретін өтемақыға қара жер де сатып ала алмаймыз деп ашулы.

Лаура СМАҒҰЛОВА ,ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Үй ала алатындай баға неге бермейді. Баста бағалаушыкелген кезде бізге өте төмен баға береміз деп бірден айтылды. Кейбір үйлерге2,5 млн берілді. Мен түсінемін ол үйлер барак үйлер, уақыты өткен шығар, ескішығар. бірақ ол үйлерде адамдар тұрады. отбасы тұрады. өмір бақи 20 жылдаптұрып келе жатқан адамдар бар. 2млн.,3млнға олар қайда барады?

Сергелдеңге түскен тұрғындар бағалаушының жұмысында шикілік көп екенін айтады. Себебі нарық бағасынан төмен бағалағанымен қоймай,кейбір учаскелердің көлемін азайтып көрсеткен дейді.

Әмина ҚҰЛТАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Ең сорақысы менің үйімнің шаршы метрі 280/281 кв болса,240/249 кв деп есептеген. сұмдық қой мынау деген менің үйімнің жартысын алыптастап тұр ғой бағаны. Оның ішінде айта берсең кемшілік көп. сонда бұл бағалаушыға жаза жоқ па? қазір балық бағалаушылар бізден шығып жатыр. Біз істейалмаймыз бір баға болды ма, енді басқа қалаға барып алып келіңдер дейді

Әкімдіктегілер өздері жалдаған тәуелсіз сарапшаның әділдігіне шүбә келтірмейді. Сондықтан мәселені сот арқылы шешуге болатынын айтып отыр.

Ғалымжан ЕРКЕБАЙ, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ол жерде 27 үй. Соның ішінде кебіреулері келісіп отыр. Келіскендерді сол жасалған оценкамен жаймен ала береміз. Ал келіспейтіндерді соттың шешімі шыққаннан кейін барып, өз күшіне енеді соттың шешімі, содан кейін барып қана сүреміз.

Қала әкімінің орынбасары кейбір ескі үйлердіңтұрғындарына 1 немесе 2 бөлмелі пәтер берілетінін айтады. Ал бұл дау құрылыстың басталуына кедергі келтірмейді дейді.