Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Наурыз ҰБТ-сы аяқталды: талапкерлердің 75%-ға жуығы шекті балл жинады

AstanaTV
01.04.2024ж. 21:17
321
Наурыз ҰБТ-сы аяқталды: талапкерлердің 75%-ға жуығы шекті балл жинады

117 мыңға жуық адам наурыз айындағы ҰБТ-ны тапсырды. Оның ішінде талапкерлердің 76,1%-ы қазақ тілінде, 23,8%-ы орыс тілінде, 117 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰБТ басталғалы шекті балды 75%-ға жуық талапкер жинады.

"Орташа балға келсек, бұл – 69 балл. Ең жоғары балл – 137. Жалпы, 118 талапкер 130-дан жоғары балл жинады. Тестке қатысушылардың басым бөлігі "Биология-Химия" комбинацияларын таңдаған, атап айтқанда, 19%-ы тапсырды. "Математика-Физика" пәндерін 17% таңдаған. Сондай-ақ, топ-3 қатарына талапкерлердің 12%-ы таңдаған "Математика-Информатика" комбинациясы кірді. Ең аз таңдалған комбинация – "Химия-Физика", оны 121 адам тапсырған",-деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігі. 

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында наурыз ҰБТ-сына 252 талапкер қатысқанын айта кеткен жөн.