Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Маңғыстауда ауылға адасып келген аққу Каспийге жеткізілді

AstanaTV
03.04.2024ж. 08:08
253
Маңғыстауда ауылға адасып келген аққу Каспийге жеткізілді

Маңғыстауда табиғи парк қызметкерлері үйірінен адасқан аққуды теңізге жіберді.

"Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің инспекторлары адасып, ауылға келген аққуды Каспий теңізіне жеткізгенін мәлімдеді.

«Сайөтес ауылы маңындағы базалардың біріне үйірінен адасып әлсіреп қалған аққу келіп қонғанын тұрғындардың бірі "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі қызметкерлеріне хабарлады. Мекеменің мемлекеттік инспекторлары аққуды алып, теңізге жеткізді», - деді парк директоры Нұрберген Қаратауов.