Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

"Манчестер Юнайтедтің" бас бапкері ауызашарға қатысты

AstanaTV
03.04.2024ж. 21:35
312
"Манчестер Юнайтедтің" бас бапкері ауызашарға қатысты

Англиялық "Манчестер Юнайтед" футбол клубының бас бапкері Эрик тен Хаг команданың мұсылмандарына арналған ауызашарға қатысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Манчестер Юнайтедтің" Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Англия Премьер лигасының 30-туры аясында "Манчестер Юнайтед" пен "Брентфорд" командалары кездесті. Матч 1:1 есебімен тең аяқталды. Осы ойыннан кейін "Манчестер Юнайтед" клубы ораза ұстап жүрген мұсылмандар үшін ауызашар ұйымдастырған.

Команданың бас бапкері Эрик тен Хаг ауызашарға жиналғандарды Рамазан айымен құттықтап, "ас болсын" деген тілек айтты.

Қазір Англия Премьер лигасының турнир кестесінде "Манчестер Юнайтед" 48 ұпаймен 6-орында тұр. Енді Эрик тен Хагтың шәкірттері 4 cәуірде "Челси" клубына қарсы ойын өткізеді.

Айта кетейік, Эрик тен Хаг "Манчестер Юнайтед" командасына 2022 жылдан бері бапкерлік етіп келеді.