Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Әзербайжанның Қарабақ жылқысы «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесіне қатысады

AstanaTV
03.04.2024ж. 22:10
357
Әзербайжанның Қарабақ жылқысы «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесіне қатысады

«JORYQ» республикалық ат спорты федерациясының жетекшісі Бақытжан Тұрлыбеков Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ағалар Атамоғлановпен кездесті.

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы мәлім еткендей, кездесу барысында әлемде теңдесі жоқ «Ұлы дала жорығы» бірегей жобасы жан-жақты талқыланды.

Б.Тұрлыбеков дипломатты алдағы марафон-бәйгеге дайындық барысында тығыз ынтымақтастық үшін Әзербайжан Республикасының ат спорты федерациясымен байланыс орнатуға ықпал етуге шақырды.

Бұған жауап ретінде Әзербайжан Елшісі Ат спорты федерациясының жобаларын, соның ішінде Әзербайжан шабандоздарының, сондай-ақ әлемдегі ең мықты жылқы тұқымдары, Әзербайжанның ұлттық символына айналған Қарабақ арғымақтарының «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесіне қатысуына ықпал жасайтынын жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында өтетін «Ұлы дала жорығы» бірегей марафон-бәйгесі биыл Петропавлдағы Абылай хан резиденциясынан басталады.

Қазіргі таңда облыстарда аймақтық іріктеу турлары жүріп жатыр, олардың жеңімпаздары ұлттық іріктеу турына жолдама алады.

Республикалық іріктеу кезеңінде орнатылған ең үздік жетістіктер Қазақстанның рекордтар кітабына (KINES) енеді.