Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Бахтиер Зайнутдинов қымбат футболшылардың тізіміне енді

AstanaTV
04.04.2024ж. 00:18
337
Бахтиер Зайнутдинов қымбат футболшылардың тізіміне енді

Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов посткеңестік елдер арасында ең қымбат футболшылар тізіміне енді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Transfermarkt порталының Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бірінші орында грузиялық футболшы, италиялық "Наполи" клубының ойыншысы Хвича Кварацхелия тұр. Оның трансферлік нарықтағы құны – 80 миллион еуро.

Екінші орынға Украина құрамасының және англиялық "Арсенал" клубының ойыншысы Александр Зинченко жайғасқан (42 миллион еуро).

Ал үштікті Ресей құрамасының және "Монако" командасының жартылай қорғаушысы Александр Головин түйіндеді.

Қазақстан ұлттық құрамасының және "Бешікташ" клубының футболшысы Бахтиер Зайнутдинов тізімде бесінші сатыға орналасқан. Оның трансферлік нарықтағы құны 6 миллион еуроға бағаланып отыр.

Transfermarkt порталының нұсқасы бойынша посткеңестік елдердегі қымбат футболшылардың тізімі: Грузия: Хвича Кварацхелия (80 млн еуро, "Наполи"); Украина: Александр Зинченко (42 млн еуро, "Арсенал" Лондон); Ресей: Александр Головин (30 млн еуро, "Монако"); Армения: Эдуард Сперцян (18 млн еуро, "Краснодар"); Қазақстан: Бақтиер Зайнутдинов (6 млн еуро, "Бешікташ"); Молдавия: Олег Рябчук (5 млн еуро, "Спартак" Москва); Өзбекстан: Аббосбек Файзуллаев (5 млн еуро, ЦСКА Мәскеу); Литва: Гвидас Гинейтис (2 млн еуро, "Торино"); Эстония: Карл Хейн (2 млн еуро, "Арсенал" Лондон); Беларусь: Илья Шкурин (2 млн еуро, "Сталь"); Әзербайжан: Ренат Дадашов (2 млн еуро, "Хатайспор"); Латвия: Раймондс Кроллис (1,5 млн еуро, "Вишков"); Тәжікстан: Рустам Ятимов (1,2 млн еуро, "Истиклол"); Қырғызстан: Гулжигит Алыкулов (550 мың еуро, "Неман"); Түрікменстан: Руслан Мингазов ( 450 мың еуро, "Китчи").