Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Бибісара Асаубаева ондаған миллион теңгелік сыйақының иегері атанды

AstanaTV
04.04.2024ж. 07:36
206
Бибісара Асаубаева ондаған миллион теңгелік сыйақының иегері атанды

Бибісара Асаубаева ондаған миллион теңгелік сыйақының иегері атанды

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева ірі грант иегері атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық 20 жастағы әлем чемпионына жүлде жыл сайынғы KazChess Awards салтанатында берілді.

"Тимур Турловтың шешімімен 40 миллион теңге көлемінде президенттік грант тағайындалды, оның иегері Бибісара Асаубаева болды", - деп хабарлады Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі.

Ксения Балабаева жылдың ең үздік қазақстандық шахматшысы деп танылды, ал Асаубаева Қазақстан әйелдер командасының құрамында "Жылдың үздік командасы" деген марапатқа ие болды.

Айта кетейік, Бибісара Асаубаеваның өзі салтанатты шараға келмеген. Тағы бір қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік бұл жиынға қатысқан.