Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Мемлекет басшысы құтқарушылармен және еріктілермен кездесті

04.04.2024ж. 20:00
291
Мемлекет басшысы құтқарушылармен және еріктілермен кездесті

 Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде ішкі істер органдары, Төтенше жағдайлар департаменті, Ұлттық ұлан қызметкерлерінен құралған құтқарушылар тобымен және су тасқынына қарсы шараларға белсенді қатысып жатқан еріктілермен жүздесті. Кездесу барысында Президент табиғи апатпен күреске атсалысқан барлық азаматқа ризашылығын білдіріп, олар бүкіл еліміз үшін өте маңызды, игі іс атқарып жүргенін атап өтті. Сондай-ақ еңбек етіп жүрген құтқарушылар, полицейлер, еріктілер лайықты деңгейде марапатталады. Бұл міндетті түрде менің бақылауымда болады деді.