Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге бір жолғы қаржылай көмек көрсетіледі

05.04.2024ж. 20:00
192
Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге бір жолғы қаржылай көмек көрсетіледі

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен жандарға бір жолғы қаржылай көмек көрсетіледі. Ол - Ақтөбе қаласы және Әйтеке би ауданы тұрғындарына 300 мың теңге, қалған ауданның халқы үшін 369 мың теңге. Қаржы көлемін жергілікті маслихаттар бекіткен. Бір жолғы көмек отбасына беріледі. Қазір құжаттарды қабылдау жүріп жатыр. Ақтөбе қаласында 25 отбасынан өтініш түскен. Құжаттар сегіз күн ішінде тексеріліп, үш күнде қаржы жеке шотқа түседі.

Мақпал ТҰРМАҒАМБЕТОВА, ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бұл қаражатқа ең қажетті құжаттардың бірі аудан әкімдігі берген анықтамасы бұл отбасыға төлейтін сома. Екінші өз жеке куәліктерін алып келеді. Тек сәйкестендіру үшін қажет. Жиырма сандық банктік есептік шоты, осы жерде мемлекеттік қызмет болған соң арыздарын толтырып аламыз.Тексеріліп, қол қойылғаннан кейін сол күні сол қаражатты төлеуге мүмкіндік бар.