Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Павлодар облысында құтқарушылар тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыруда

05.04.2024ж. 20:00
396
Павлодар облысында құтқарушылар тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыруда

Павлодар облысында еріген қар суы 7 тұрғын үйді басып қалды. Әсіресе, Ертіс, Железин аудандарында қарғын судан қатер күшейді. Ұзынсу, Ағашорын ауылдарын су басу қаупі төнді. Елдімекендерді судан қорғау үшін республикалық маңызы бар «Атамекен-Ертіс-Русская Поляна» күре жолы тағы да бұзылып, суағар жасалды. Мамандар судың бағытын бұрып, басқа арнаға ағызған. Құтқарушылар тәулік бойы кезекшілік атқарып жатыр. Өңірдегі 2 бірдей жолды да су шайып кетті. Қейбір ауылдармен байланыс үзілген. Тұрғындарға қажетті азық-түлік, тұрмыстық заттар жеткізіліп берілді.

Айжас САБЫРЖАН, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Ертіс ауданының Ұзынсу ауылында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда. Еріген суды ағызу үшін траншеялар салынды, мотопомпалар жұмыс істеуде. Облыс бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларға барлығы 268 адам, 114 бірлік техника, 30 мотопомпа, 2 жүзу құралдары жұмылдырылды.