Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

"Қамқор қазақстандықтардың арқасында біз ел дамуының жүйелі мәселелерін шеше аламыз",- Ерлан Қарин

05.04.2024ж. 20:00
185
"Қамқор қазақстандықтардың арқасында біз ел дамуының жүйелі мәселелерін шеше аламыз",- Ерлан Қарин

Су тасқыны кезінде Қазақстан азаматтары мен мемлекеттік органдар күш біріктіріп, қауіптің бетін қайтара білді. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында осылай деп жазды.

Ерлан ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:

Президент шалғайда қатты зардап шеккен өңірге барып, жапа шеккендерге қолдау көрсетті. Бұл жағдай біздің азаматтарымыздың ынтымағы мен жауапкершілігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Осындай белсенділіктің арқасында, біз төтенше жағдайларға тиімді қарсы тұрып қана қоймай, ел дамуының жүйелі мәселелерін шеше аламыз. Су тасқыны басталғаннан бері зардап шеккен 11 аймақтан 19 мыңнан астам адам, оның ішінде 8 мың бала құтқарылып, эвакуацияланды. Бірлік пен ынтымақ құндылықтары - мәдениетіміз бен тіліміздің өзегі болып саналады. Осы құндылықтарды ұстану арқылы біз кез келген қиындықты жеңіп, елді жаңғырту жолында бірлесе жұмыс істей аламыз.