Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барды

05.04.2024ж. 20:00
197
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барды. Президентті әуежайдан Шавкат Мирзиёев күтіп алды. Одан соң, екі ел басшысы Өзбекстан жеңіл өнеркәсібіндегі үлгілі кәсіпорындардың бірі саналатын «HIVA» кілем тоқу фабрикасын аралап көрді. Мемлекеттер басшыларына акрилден иірілген жіп өндіру цехы, кілем тоқу цехтары және дайын кілем үлгілерінің шоу-румы көрсетілді. Фабрика кілемдері ішкі нарыққа сатылады, сондай-ақ ТМД елдеріне, Қытай мен АҚШ-қа экспортталуда. Бұдан өзге, екі ел басшысы бейресми кездесу өткізді. Онда президенттер өзара тауар айналымын ұлғайту, энергетика, көлік, су шаруашылығы, IT салаларындағы ынтымақтастықты дамыту сияқты экономикалық ықпалдастықтың сан алуан мәселесі жөнінде пікір алмасты.