$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Дәрігерлер тәулік бойы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуде

08.04.2024ж. 20:00
706
Дәрігерлер тәулік бойы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуде

Су тасқыны болған аймақтарды үш мыңға жуық медицина қызметкері күшейтілген режимде тұрғындарға көмек көрсетіп жүр. Дәрігерлер эвакуациялық бекеттерде кезекшілікпен тәулік бойы жұмыс істеуде. Тұрғындарға психологиялық көмек берілуде. Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге көмекке 58 медициналық қызметкер жұмылдырылған. Олардан бөлек мобильдік бригадалар жұмыс істеп жатыр. Көбінесе тасқыннан зардап шеккендер арасында ересек адамдар қан қысымы көтеріліп медициналық көмекке жүгінсе, балалардың салқын тиіп, қызу көтерілген жағдайлары жиі тіркелуде. Төрт бала тіпті дереу ауруханаға жатқызылған. Осы дәрігерлердің көмегімен бір келіншек аман-есен босанып, бөбегін бауырына алды.

Дина КАУКЕЕВА, №2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Также у нас была пациентка 39-40 недель... Бізде 39-40 аптадағы жүктілікпен келіншек болды. Екінші тәулікте толғағы ұстап, Қарғалы қалалық ауруханасында аман-есен босанды. Ұлды болды. Біздің дәрігерлер кезекшілікпен эвакуациялық бекеттерде тәулік бойы қызмет көрсетіп жатыр.

Ақтөбе облысында психологиялық көмек көрсететін сенім телефоны жұмыс істеп тұр. Су тасқыны басталғалы бұл желіге 132 қоңырау келіп түсті. Оның дені ақпараттық мақсатта болса, 18 жағдайында психологиялық көмек көрсетілген. Өңірде су тасқынынан күреске 23 психолог маман тартылды. Баспанасынан айырылып, өмірден баз кешкен жандарға кәсіби психологтар кабылдау жүргізіп жатыр.

Серік ӘКІМБАЕВ, ПСИХОЛОГ:

Депрессия деген білесіз ғой. Тамаққа тәбеті болмайды. Көңіл күй түсіңкі. Ештенеге зауқы жоқ.Тек жата бергісі келеді. Ешкімді көргісі келмейді. Басында солай болып келді. Жеке бастық клнсультация, тотпық консультация жасалды. Баырнша көмек қолдау көрсетіп жатырмыз.