Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Дели-Алматы рейсінде тырысқаққа күдікті жолаушы анықталды

AstanaTV
08.04.2024ж. 19:31
265
Дели-Алматы рейсінде тырысқаққа күдікті жолаушы анықталды

Дели-Алматы бағыты бойынша Air Astana рейсінің бортында санитарлық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру барысында тырысқаққа күдікті жолаушы анықталды. Осы орайда күдіктінің тырысқақты басқа адамдарға жұқтыру қаупіне қатысты түсінік берілді.

«Борт экипажының барлық құрамы (8 адам) инфекциялық стационарға жіберілді. Оның 4-і үй карантиніне, 4-і стационарға жатқызылды. Жолаушымен байланысқан адамдар арасында науқастар немесе тырысқақ тасымалдаушылары анықталған жоқ. Экипаждың барлық мүшесінің жағдайы қанағаттанарлық, денсаулықтарына шағым жоқ», - деді Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы.