Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Ыстамбұл әуежайы әлемде алғашқы болып күн электр станциясынан қуат алуға көшеді

AstanaTV
08.04.2024ж. 21:49
319
Ыстамбұл әуежайы әлемде алғашқы болып күн электр станциясынан қуат алуға көшеді

Ыстамбұл халықаралық әуежайы электр энергияны толығымен күн энергиясынан алатын әлемдегі алғашқы әуежай болады. Бұл туралы KAZINFORM АЗЕРТАДЖ агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Әуе айлағының жұмысы үшін барлық қажетті энергия Эскишехир провинциясында салынып жатқан күн электр станциясында (КЭС) өндірілетін болады.

Эскишехирдегі жаңа күн электр станциясының қуаты 199,32 МВт, өнімділігі жылына 340 миллион кВт сағатқа жетеді. Құны 212 миллион еуро болатын күн электр стансасын іске қосу осы жылдың соңына жоспарланған.

İGA күн энергиясын тұтынуға көшу атмосфераға шығарындыларды барынша азайтатынын және 2050 жылға қарай бұл көрсеткіштің нөлге жететінін атап өтті.