$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Абай облысынан «Қайырымдылық керуені» жолға шығады

AstanaTV
09.04.2024ж. 19:30
437
Абай облысынан «Қайырымдылық керуені» жолға шығады

Семейде су басқан өңірлерге гуманитарлық көмек жиналып жатыр.Бұл туралы Қазақстан Телеарнасы хабарлайды. 

Белсенділері, қоғамдық ұйымдар мен кәсіпкерлер тасқынан зардап шеккен тұрғындар үшін азық-түлік, дәрі-дәрмек пен қажетті заттарды жинақтауда. Оған қоса топан сумен күресте қажет құралдар күрек, қапшық, резеңке етік сынды заттарды жанашыр жандар көптеп әкеліп жатыр. Қайрымдылық шарасын ҚМДБ Абай облсындағы өкілдігі мен «Газель жүргізушілері клубы» ұйымдастырған. Бірер күнде тиісті жүк жинақталып болғаннан кейін керуен Батыс Қазақстан мен Қостанай өңірлеріне жолға шығады.

Расул Ельдаров, волонтер:

Семей халқына, облыстағы жан-жақтағы ауылдарымызға көп-көп рахмет! Халықтың аманатын аман-есен жеткіземіз деп ойлаймыз. Газельдеріміз апар деген жеріне апарады. Ақтөбе болсын, Қостанай болсын.