Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"Қ.Сәтпаевтың еңбегінің жемісін біз әлі күнге дейін көріп жатырмыз", - Ж. Болдықов

09.04.2024ж. 20:00
221
"Қ.Сәтпаевтың еңбегінің жемісін біз әлі күнге дейін көріп жатырмыз", - Ж. Болдықов

Биыл академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл. Ғылымның сан саласын игерген түпсіз терең ғұлама қазақтың жер асты байлығын бүкіл әлемге танытты. Қаныш Имантайұлы 1926 жылдан бастап, Жезқазған, Қарсақбай, Ұлытау, Торғай, Атбасар, Есіл даласын зерттеді. Оның тапқан қазба байлықтарынан химия элементтерінің бәрін кездестіруге болады. Сәтбаев Қазақ ғылым академиясының негізін қалады, геология институтын құрды. Қазақтан шыққан тұңғыш академик туған 12 сәуір Ғылым күні ретінде аталып өтеді. Ол геолог, ғалым ғана емес әдебиетші, тарихшы, математик болды. «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында» өткен ғылыми-танымдық дөңгелек үстелге жиналғандар осылай дейді. Шара барысында сондай-ақ, «Қазақ ғылымының негізін қалаушы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Жандос БОЛДЫҚОВ, ҚОЛЖАЗБАЛАР ЖӘНЕ СИРЕК КІТАПТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Қаныш Сәтпаевты әлем ғалымы деп айтуға болады. Қазақстан бойынша ең алғаш қолжазбалар қорын ашқан Қаныш Сәтпаев болатын. 65 жасында қайтыс болды. Бірақ соның өзінде қаншама кен орындарын ашып, біз әлі де соның жемісін көріп жатырмыз. Соның барлығы Қаныш Сәтпаевтың ерлігі.