Бүгін АҚШ президенті Барак Обама Ресейге қатысты санкция
мерзімін ұзартты. Бұл туралы Риа новости агенттігі хабарлады. Ақ үй басшысы 2014 жылы наурызда енгізілген
шектеулерді өз күшінде қалдыру туралы жарлыққа қол қойған. Онда "Ресей
әрекеті АҚШ-тың сыртқы саясаты мен ұлттық қауіпсіздігіне ерекше және төтенше
қауіп төндіріп келеді" делінген. Ал санкция 2014 жылдың наурызында
Украинадағы жағдайға байланысты енгізілген болатын.