Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

"Екі аяғымды тең басуды үйреніп жүрмін": Тамара Асар су тасқыны кезінде не үшін шаңғы теуіп жүргенін түсіндірді

AstanaTV
10.04.2024ж. 10:15
333
"Екі аяғымды тең басуды үйреніп жүрмін": Тамара Асар су тасқыны кезінде не үшін шаңғы теуіп жүргенін түсіндірді

Танымал әнші Тамара Асар халықты әбігерге салған су тасқыны кезінде не үшін шаңғы тепкенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сондай-ақ өнер иесі әнші, әртісті халықтан бөлмеуді сұрады.

“Жаман қатын ашуын ыдыс-аяқтан алады” демекші телефон ұстап,
әлі келгендер әртістерді сөз етіп, тіл тигізетіндерді де көріп отырмын. Шаңғы теуіп ерігіп жүрсің дегендерге айтарым: шаңғы тебетін күнге жетейін! Әумин! Ерігіп жүрген жоқпын. Екі аяғымды дұрыс тең басып үйрену үшін екі таяққа сүйеніп күнделікті жаттығуымды жасап жүрмін. Екіншіден, демалыста емеспін, үйімде жүрмін. Дәл су тасып жатқан жолға көпірге қарасты орманда иманымды үйіріп,тілегімді тілеп, жеті нанымды пісіріп, ел үшін қаражат жинағандарға ақша салып отырмын. Шегіртке дегендеріңе оң болсын. Шегірткенің миындай ми жоқ екен сізде! Жоғарыдағыларға жақынсыңдар ғой әншілер дегендерге айтарым: жоғарыға да,төменге де бірдейміз. Біз де – халықтың бөлшегіміз! Ел басына күн туса, бірдей күн кешеміз!”, – деді әнші.