Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Су тасқынынан зардап шеккендерге жан-жақтан көмек көрсетіліп жатыр

10.04.2024ж. 20:00
186
Су тасқынынан зардап шеккендерге жан-жақтан көмек көрсетіліп жатыр

Түркістан облысынан шыққан гуманитарлық көмек Қобда ауданына жетті. Көліктерде азық-түлік, төсек-орын, кереует секілді тұрмысқа бірінші кезекте қажетті заттар бар. Бұдан өзге, өңір тұрғындарына 8 млн теңге көлемінде қайырымдылық көмек таратылды.

Қалыйма ЖАНТӨРЕЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Түркістан халқынан дұғай дұғай сәлем! Киелі Түркістан эмблемасын ала келіп, осы Ясауидің рухы сіздерді қолдасын деп айтқым келеді.

Баян НАКЕШОВА, ҚОБДА АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Киелі жерден бізге көмек келіп жатыр. Олардың халқына да көп көп рахмет. Олардың аманаттарын аман-есен жеткізді. Бізбен бірге екендігін білдіріп жатырғаны жанашырлық ретінде Түркістан халқына рахмет!

Игі шарадан Қызылорда облысы да шет қалған жоқ. Тасқын судан зардап шеккен өңірлерге құны 50 млн теңгеден асатын гуманитарлық көмек көрсетті. 10 көлікте тұрмысқа қажетті заттардан өзге, азық-түлік пен дәрі-дәрмектер бар. Бұл игі іс «AMANAT» партиясының бастамасымен жүзеге асуда.

Дәурен ӘБІЛҚАЙЫРОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ «ЖАЛЫН» БАСТАУЫШ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біздің күшіміз бірлікте. Әрқашан бір болсақ біз барлығын да жеңеміз. Президентіміз айтты ғой «Бізге сырттан ешкім ешнәрсе әкеп бермейді, барлығы өзіміздің қолымызда» деп. Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары, халқым біз Сіздермен біргеміз.

Раушан БАЗАРБАЙ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ БЕЛСЕНДІСІ:

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үндеуі барлық осындай ұйымдар, мекемелер, әрбір Қазақстан азаматы осы Үндеуге өз үлесін қосу керек деп ойлаймын. Елмен бірге болайық деп, бірге кез-келген кеселден, кез-келген зардап шеккен әрбір отбасына өз үлесімізді, көмегімізді аянбайтымызды жеткізгім келеді.