$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына Түркістан облысының тұрғындары да белсене қатысуда

«Таза Қазақстан»  экологиялық акциясына Түркістан облысының тұрғындары да белсене қатысуда

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына Түркістан облысының тұрғындары да белсене қатысуда. 5 аптаға созылатын шараның бірінші аптасы «Таза өлке» деп аталады. Бұл орайда өңірде 1500 көше мен 33 мыңнан астам аяқжол тазартылып, 850 тонна қоқыс шығарылды. Сондай-ақ 140 мыңнан астам ағаш әктеліп, 138 мыңға жуық көшет егілген. Саябақ пен скверлер, балалар және спорт алаңдары қалыпқа келтіріліп жатыр. "Бұл – бір айлық науқан емес. Мақсатымыз – тазалық сақтау, ағаш, гүл егуді өмірлік дағдыға айналдыру", дейді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.

Дархан САТЫБАЛДЫ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Біз аулаларымызды, көшелерімізді, қоршаған ортамызды таза ұстайық. Біздің тауларымыз да, ормандарымыз да, даламыз да өзіміздікі. Ауданымыз да, қаламыз да. Сол себептен сырттан келіп ешкім жұмыс істемейді. Істейтін өзіміз. Осы сәтті пайдалана отырып, барша түркістандықтарды мен осы бүгінгі жасап отқан экологиялық акцияға қосылуды шақырамын. Қолдауды сұраймын.