Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Батыс өңірлерді үлкен судан қорғау үшін 10 мыңнан астам әскери қызметші жұмылдырылды

11.04.2024ж. 20:00
162
Батыс өңірлерді үлкен судан қорғау үшін 10 мыңнан астам әскери қызметші жұмылдырылды

Батыс өңірлерді үлкен судан қорғау үшін 10 мыңнан астам әскери қызметші жұмылдырылды. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың жұмыс кеңесінде айтылды. Вице-премьер Қанат Бозымбаев су тасқынының екінші толқыны қарсаңында батыс өңірлерінің қазіргі жағдайын баяндады. Айтуынша, Ресей Федерациясынан Жайық өзені арқылы көлемді су келеді деген болжам бар. Оны елдімекендерге жеткізбей, бұрып әкету басты назарда. Сондықтан Премьер - Министр Батыс Қазақстан мен Атырау облыстары бойынша күштер мен құралдарды барынша жұмылдыру қажеттігін атап өтті. Айта кету керек, Павлодар және Абай облыстарында су тасқыны жағдайының тұрақтануына байланысты Төтенше Жағдай режимдері алынып тасталды.