$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында бөгеттерді нығайту жұмыстары жүріп жатыр

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында бөгеттерді нығайту жұмыстары жүріп жатыр

Тасқын су Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы жолдарды шайып, салдарынан 12 елдімекен қатынассыз қалды. Вице-премьер Серік Жұманғарин сала басшыларымен жол қатынасы үзілген ауылдардың үстінен ұшып өтті. Үкімет басшысының орынбасары аудан әкімі Нұрлан Қызбергеновпен су тасқынына қарсы жұмыстарды талқылады. Аудан басшысы Мамыр және Нұра ауылдары орналасқан Торғай өзенінің жоғарғы ағысында су көтеріле бастағанын жеткізді. Тез арада ауылдардағы бөгеттерді нығайту туралы шешім қабылданып, онда 14 маман және 8 техника жедел түрде жіберілді.