Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Ерлан Қошанов Грузия Парламентінің төрағасы Шалва Папуашвилимен кездесті

11.04.2024ж. 20:00
299
Ерлан Қошанов Грузия Парламентінің төрағасы Шалва Папуашвилимен кездесті

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Грузия Парламентінің төрағасы Шалва Папуашвилимен кездесті. Бұл – Шалва Папуашвилидің Астанаға жасаған алғашқы ресми сапары. Грузия Парламенті делегациясын қарсы алған Ерлан Қошанов қазақ және грузин халықтарын тығыз тарихи қарым-қатынас пен мәдени дәстүрлер байланыстыратынын атап өтті. Мәжіліс спикері конституциялық реформа, Президент және Парламент сайлауларының қорытындылары мен Конституциялық Соттың қызметін тілге тиек етті. Сонымен қатар жаңарған Мәжілістің заңнамалық қызметімен таныстырды.