Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Ақтөбелік құтқарушылар тасқын кезінде күшейтілген режимде жұмыс істеді

12.04.2024ж. 20:00
117
Ақтөбелік құтқарушылар тасқын кезінде  күшейтілген режимде жұмыс істеді

Елімізде су тасқыны басталғалы құтқарушылар, полиция, дәрігерлер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Ақтөбелік құтқарушылар бір аптада он мыңнан астам адамды қауіпсіз жерге көшіріп, эвакуациялады.

Ойылдың Қаратал ауылында бір отбасы суда қалып қойды. Екі тәулік нәр татпай үйдің шатырында, трактордың үстінде көмек күткен жандар қатты әлсіреп қалған. Оларды су ортасынан алып шығу құтқарушыларға да оңай болмады.

Шыңғыс МҰҚАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ ҚҰТҚАРУШЫСЫ:

30 күні кешке суда қалып қойған адамдарды құтқару керек болды. Вертолет қонатын жер болмағандықтан жіппен түсіп құтқару керек болды. Столбтарда тоқ болған соң, алыстан түсу керек болды. 7-8 этаждай жерден арқанмен түсіп, вертолеттен түсіп өзіме байлап үстіге көтеріп алдым.

Қала маңында құтқару жұмыстары 26 наурызда басталды. Құтқарушылар бүкіл қауіпті аймақтағы тұрғындарды эвакуациялады. Үрмелі қайықтармен әуелі адамдарды шығарып, кейін мал -жанды құтқарды.

Руслан ЖАНҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Когда проезжали... Қайықпен кетіп бара жатып жолымыздан кездескен. Байлаулы тұрған ит болсын. Үйде қалған мысық болсын. Тірі жанның барлығын құтқаруға тырыстық. Адамдар өздері бізге осындай мекен жайда байлаулы ит қалды. Малымыз қалды деп келіп, солармен бірге барып барлығын алып шықтық.

Құтқарушылар- сүңгуір, жақсы физикалық дене дайындығы бар, стресске төзімді жандар. Олар өз өмірлерін қатерге тігіп, басқаны құтқаруға барын салады. Ал жедел жасаққа жұмыс барысында тез шешім қабылдай білетін, өз ісіне жауапты жетпіске жуық құтқарушы жұмылдарылған.

Асқар ХАМЗИН, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Весь личный состав был... Су тасқыны кезінде жеке құрамның барлығы жүрді. Абырой болғанда биыл мал жанды аман алып қалдық. Қалада екі бастан су тасқыны тоқтағанша эвакуациямен айналыстық. Ойыл мен Қобдаға құтқару жұмыстарын жүргіздік.

Өңірде жағдай тұрақталған соң ақтөбелік он шақты құтқарушы Атырау және Батыс Қазақстан облыстарына көмекке кетті.