$522.49 €547.88 ₽5.06
×

Ақтөбе облысында су басқан үйлерді бағалап, төлем жасалып жатыр

AstanaTV
12.04.2024ж. 15:40
639
Ақтөбе облысында су басқан үйлерді бағалап, төлем жасалып жатыр

Ақтөбе облысында су тасқыны салдарынан 9 елді мекен қатынассыз қалып тұр. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев мәлім етті.

«Бүгінде 44 елді мекен электр жарығына қайта қосылды. Қазіргі таңда 11 елді мекенде 172 абонент жарықтан ажыратылған, дегенмен тұрғындарға уақытша тоқ берілді. Электр қуатын қалпына келтіру жоспары құрылды, шамамен 7 күнде бұл жұмыстар аяқталады. Сонымен қатар су тасқыны салдарынан облыстағы 9 елді мекен жол қатынасынсыз қалып тұр, бұған дейін 17 елдімекеннің жолын су басқан еді», - деді Асылбек Есенбаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатына ZOOM арқылы қатыса отырып.

Әкім орынбасарының мәлімдеуінше, қазір көлік қатынасын жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр.

«Су тасқынынан зардап шеккендердің тұрғын үйлерін бағалау жұмыстарының бастапқы қорытындылары алынуда. Осыған орай, аудандарда тұрғындарға төлемдер жасау жұмыстары басталды», - дейді ол.