$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Мемлекет басшысы табиғат апатымен күресіп жүрген барлық азаматқа алғысын білдірді

AstanaTV
16.04.2024ж. 16:16
347
Мемлекет басшысы табиғат апатымен күресіп жүрген барлық азаматқа алғысын білдірді

Мемлекет басшысы 16 сәуірдегі Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмектесіп жатқан құтқарушылармен, еріктілермен және кәсіпкерлермен кездесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай кезінде өңір тұрғындарының жоғары деңгейде ұйымшылдық танытқанын атап өтіп, табиғат апатымен күресіп жүрген барлық азаматқа алғыс айтты.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары Елена Семидоцких Президентке облыстағы әр ауданда гуманитарлық көмек қабылдайтын пункттер ашылғаны жөнінде мәлімет берді.

"Birgemiz" волонтерлер фронт-офисінің жетекшісі Анастасия Волкова еріктілердің жедел әрекет ету штабы құрылғаны туралы айтты. Штаб 2500-ден астам волонтерді үйретеді және олардың жұмысын үйлестіреді.

"Севказэнерго" акционерлік қоғамының бас директоры Анатолий Казановский аталған кәсіпорынның акционерлері 100 миллион теңге бөлгенін, трансформаторлар орнату және электр желілерін тарту жұмыстарын жүргізгенін айтты.

"Қызылжар жолдары" ЖШС директоры Асхат Жолдаспаев компанияның су тасқынына қарсы шараларға белсенді атсалысып жатқанын жеткізді. Осы ретте аталған мекеме бөгеттер салу және нығайту үшін арнаулы техникалар мен қажетті құрал-жабдықтар бөліп отыр.