Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Елге әкелінетін әрбір екінші көлік Қытайда жасалады

17.04.2024ж. 20:00
249
Елге әкелінетін әрбір екінші көлік Қытайда жасалады

Биыл елімізге 10 мыңнан астам Қытай көлігі кірген. Аспан асты елінің темір тұлпарына ғана емес, тауарларына да сұраныс жоғары. Осы және өзге де ақпараттар "ЭКОНОМИКА" топтамасында.

Қытай көліктеріне сұраныс артуда. Неміс, кәріс, жапонның темір тұлпарына қарағанда құны қалтаға қонымды болғасын ба, әлде жүргізушіге жасалған жағдайдың жақсы болғанынан ба, әйтеуір аспан асты елінің көлігін тақымдайтындар көбейді. Есті шығаратын ескі көлікті алғанша қарызданып болсын жаңасын мінгенді жөн көретіндер бар. Биылғы жылдың алғашқы екі айында елімізге кірген әрбір екінші темір тұлпар Қытайдан әкелінген. Яғни 10мың бір жүз. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 мың сегіз жүзге көп. Жалпы 20мың көлік импортталған. 3 мың 700 АҚШ-тың, 3 мың Жапонияның, 1600 Кореяның көлігі кірген.

Аспан асты елінің көлігіне ғана емес, олардың тауарына да қызығушылық жоғары. Арада барыс-келіс, сауда-саттық, ынтымақтастық артты. Бұған -екі ел арасындағы визасыз режимнің енгізілуі себеп. Биыл алғашқы тоқсанда шекарадан кіріп-шыққан адам саны өткен жылмен салыстырғанда 200%-дан асқан. Дертіне дауа іздегендер, кәсібімді дөңгелетсем деген бизнесмендер, саяхатшылар мен білім іздегендер көк паспортты көрсетіп 30 күн емін-еркін көрші елде жүре алады. Шекара асқандардың дені -кәсіпкерлер. Ірі фабрикалармен келісім жасасып, түрлі тауарды елге әкеп саудалауда. Соның арқасында кедендік бақылаудан өтетін жүк көліктері де саны көбейген. Қытайға кіріп-шығатын жолаушылардың дені Қорғас порты арқылы өтеді. Мұнда күніне мың жарымнан 3 мыңға дейін адам қатынайды.

Визаны алып тастағанның арқасында көптеген кәсіпкердің қолы ұзарды. Мысалы, кезінде виза бар кезде арада көптеген қиындықтар туындаған еді. Шекарадан өту жағынан, визаны беру жағынан. Ал қазір адамдар барып, тауарды қолында ұстап, көріп, өте қызықты ассортименттерді Қазақстанғаалып келіп, соның арқасында тауардың бағасы өте арзанға түсуде.

Ұлттық банктің ресми бағамы бойынша 1доллар 448 теңге болды. Көк қағаз Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде 448-450 теңгеден саудалануда. Ал Елордада 446-450 теңге аралығында құбылып тұр. Ал Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,77 теңге болды. Астанада көрші ел валютасы 4,67 - 4,69 теңгеден, ал Алматыда 4,73 – 4,82 теңге аралығында сатылып жатыр.