$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің көшпелі отырысы Түркістанда өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің көшпелі отырысы Түркістанда өтті

Елімізде жасалған сыбайлас жемқорлық санатына жататын қылмыстардың ең көбі –парақорлық және оған делдалдық ету. Бұл Түркістанда өткен «AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің көшпелі отырысында айтылды. Былтыр сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 116 қылмысты тіркеген. Бұл алдыңғы жылдан едәуір көп. Соның 89-ы ымыраласа жасалған іс-әрекеттер санатына жатады. Мемлекетке 331,7 млн теңге залал келтірілген. Бармақ басты, көз қысты әрекеттер жергілікті атқарушы органдарда мейлінше қылаң берген. Атқарылған іс пен біткен жұмыс жөніндегі құжаттарда былық көп көрінеді. Жиын қорытындысымен жергілікті атқарушы органдардың бірқатар басшыларына партиялық тәртіптік шара көру ұйғарылды.

Ерлан САИРОВ,  ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Проблема өте көп. Енді осы проблемалардың барлығын біз мемлекет, азамат, қоғам болып бірге шешудің институтын қалыптасыру керек. Енді бұл жиналысқа құқық қорғау органдары, прокуратура саласы органдарының басшыларының барлығы қатысты. Енді айтылған кейбір мәселелер бойынша ол кісілер өздерінің процессуалдық шешімдерін қабылдайтын болады.

Республикалық кеңес өкілдері Түркістандағы Ә.Нұрмаханов атындағы олимпиадалық резервтік мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің құрылысымен де танысты. Маңызды нысан 2022 жылдың соңында пайдалануға берілуі тиіс болатын. Алайда, облыстық бюджеттің мүмкіндігінің жетпеуіне байланысты, қажетті қаржы толықтай бөлінбей қалған. Қазір құрылыс материалдары нарығындағы ахуал ескеріле отырып, құрылыс сметасына түзетулер енгізілген.