Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Үкімет Елбасы Жолдауын нақты іске асыруға бүгіннен кірісті

AstanaTV
31.01.2017ж. 20:00
2118
Үкімет Елбасы Жолдауын нақты іске асыруға бүгіннен кірісті

Жолдауды іске асыруға бүгіннен бастап кірісуіміз қажет. Осылай деген Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев министрлер мен әкімдерге тапсырмаларды бөліп берді. Ал бақылау жүргізу премьердің орынбасарларына тапсырылды. Құзырлы ведомстволар қыркүйектің біріне дейін экспорттық және инвестициялық стратегияларды қабылдауы тиіс. «Сапалы әрі жедел жұмыс істеуіміз керек. Аз уақытта белгіленген тапсырмаларды орындап, өз саласымен жүйеге келтірген абзал», - деп түйіндеді сөзін Үкімет басшысы. Ал Жолдауды орындауға арналған жалпыұлттық жоспарды 1 аптадан соң қабылдау көзделіп отыр.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

Үкіметке Қазақстанның ұлттық технологиялық бастамасы деп аталатын 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын дайындауды тапсырды. Ұлттық экономика министрлігі жоспарды дайындау жұмысына дереу кірісуі қажет. Тимур Мұратұлы, сіз Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын іске асырудың жалпыұлттық жоспарын дайындап, Үкіметке тез арада Елбасы Жарлығының жобасын енгізіңіз. Сондай-ақ Президенттің әрбір тапсырмасының нақты мерзімдерін, оған жауапты лауазымды тұлғаларды белгілеп, Жолдаудың дер кезінде орындалуын қатаң бақылауға алу қажет.

Айгүл ӘДЕПБАЙ