$462.36 €493.48 ₽5.99
×

«Халық банкі» мен «QAZKOM»-ның бірігуіне мүмкіндік бар ма?

AstanaTV
30.01.2017ж. 20:00
2299
«Халық банкі» мен «QAZKOM»-ның бірігуіне мүмкіндік бар ма?

«QAZKOM» мен «Халық банкі» бірікпейді. Бұл туралы, «Халық банктің» басқарма төрайымы Үміт Шаяхметоваға сілтеме жасап, «Форбс Қазақстан» хабарлайды. Шаяхметованың айтуынша, Қазақстанда қос қаржы институтын біріктіру, заңдық тұрғыдан мүмкін емес. Бастысы, «Халық банкінің» қаржылық жағдайын қиындатып алмай, акционерлердің мүддесіне орай әрекет етуі керек. Яғни «Халық банкінің» басшысы жүріп жатқан келіссөздер «QAZKOM»ды сатып алу немесе қосуға қатысты болуы мүмкін, бірақ  біз банкті толық сатып аламыз немесе қосып аламыз деген сөз емес деді.

Үміт Шаяхметова, «Қазақстан Халық банкі» АҚ басқарма төрайымы:

Келіссөздер жүріп жатыр. Бұл ақпаратты біз растадық, «QAZKOM» да жоққа шығармады. Өте қиын құрылым болады деп күтіліп отыр. Мүмкін, келісім мемлекеттің қолдауымен өтетін шығар. Мән-жайды нақтылай алмаймын, өйткені келісімнің құрылымы қалай болатыны әзірге толық түсініксіз. Пікірлер көп, қызығушылар да аз емес. Әрине, бұл процессте Үкімет пікірі маңызды роль ойнайтын болады.

«Халық банкі» мен QAZKOM арасында келіссөздердің басталғанын өткен аптада «Ұлттық банк» те растаған еді. Елдің қаржылық реттеуші мекемесі келіссөздерді назарда ұстайтындарын айтты. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах