$454.46 €527.72 ₽5.25
×

Антон Зыкин Orda FM радиостанциясының директоры болып тағайындалды

Антон Зыкин Orda FM радиостанциясының директоры болып тағайындалды

Антон Зыкин - радио, телевидение және event-индустрия саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар радиожүргізуші, медиаменеджер әрі продюсер.

Антон Владимирович Қазақстанның жетекші медиажобаларында еңбек етті, радиошоулардың авторы әрі жүргізушісі болды, сондай-ақ телевизиялық жобалар мен ірі мәдени және қалалық іс-шараларды ұйымдастыруға қатысты.

Тыңдармандарға кәсіби радиожүргізуші ретінде жақсы таныс Антонның медиажобаларды басқаруда және ұжыммен жұмыс істеуде де мол тәжірибесі бар.

Антон Владимировичке жаңа қызметінде сәттілік пен Orda FM ұжымымен бірге жаңа жетістіктерге жете беруін тілейміз!