$441.8 €480.02 ₽4.88
×

СҚО-да су тасқынының екінші толқынына дайындық жұмыстары жүргізілуде

AstanaTV
20.04.2024ж. 18:54
403
СҚО-да су тасқынының екінші толқынына дайындық жұмыстары жүргізілуде

Өңірдегі жағдай әлі де күрделі. Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласында су тасқынының алғашқы толқыны өтіп, су деңгейі төмендеді. Алайда Сергеев су қоймасында су деңгейі көтерілуде. Қазіргі кезде ол 166% толып, су бөгет шыңынан 3 метр 48 см асты. 

«Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласынан эвакуацияланған халыққа медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. 700 астам адам үйлеріне оралды, оның ішінде, 200 бала. Әлі эвакуацияланған болып 13 мыңнан астам адам қалуда. Бүгінгі күні су тасқынының екінші толқынына дайындық жұмыстары жүргізілуде», - деді СҚО ақпараттық-талдау тобының бас маманы Жазира Қожахметова.