Былтыр жазда ауа температурасы +44 градусқа дейін жетті. Биылғы жаз мұнан да ыстық әрі құрғақ болады дейді синоптиктер. Ауа температурасы жылдағыдан 2 С – қа жоғары, тек батыс аймақтарда норма шамасында күтіледі. Сондай-ақ солтүстік өңірдегі топырақтағы ылғал қоры, егін жұмыстарына қолайлы болады. Жаз маусымының ортасында Қазақстанның батысы мен шығысында күн қатты ысиды, жауын-шашын өте аз болады.
Қамар САЛИЕВА, "ҚАЗГИДРОМЕТ" РМК БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Ұлытау, Қызылорда, Қостанай және Ақмола облыстарының басым бөлігінде Түркістан, Жамбыл және Қарағанды облысының Солтүстік батысында мамыр мамыр айында жауы-шашын әдеттегіден аз болады. Яғни нормадан төмен болады. Жалпы мамыр айындағы ауа райындағы топырақтағы жылудың жиналуына. Сондай-ақ оның бетіндегі ылғалдың белсенді болуына ыұпал етеді.