$450.79 €524.13 ₽5.31
×

Ақмолада кірпіш зауытының құрылысынан 75 қытайлық ұсталды

Ақмолада кірпіш зауытының құрылысынан 75 қытайлық ұсталды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі

Ақмола облысының Целиноград ауданында кірпіш зауытының құрылысында рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеп жүрген 75 Қытай азаматы анықталды

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 9 қыркүйекте полиция қызметкерлері Жабай ауылының маңында салынып жатқан кірпіш зауытына тексеру жүргізген. Нәтижесінде құрылыс жұмыстарын заңсыз атқарып жүрген шетел азаматтары анықталып, барлығы аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

Полиция мәліметінше, шетелдіктер көші-қон заңнамасын бұзып, тиісті рұқсат құжаттарынсыз еңбек еткен. Оларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сонымен қатар екі күн ішінде көші-қон полициясы 59 заң бұзушылықты анықтаған. Оның 39-ына шетел азаматтары қатысы бар. Бұдан бөлек, шетелдіктерге тұрғын үй беріп, бұл туралы полицияға хабарламаған 18 жағдай тіркелді.