Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Трамп бұйрыққа бағынғысы келмеген шенеунікті қызметінен босатты

AstanaTV
31.01.2017ж. 20:00
2402
Трамп бұйрыққа бағынғысы келмеген шенеунікті қызметінен босатты

Трамптың «босқындарға қатысты» бұйрығын орындағысы келмеген елдің бас прокурорының міндетін атқарушы Салли Йейтст қызметінен босады. Ал Иейтстің өзі дауға айналған бұйрықтың заңды екеніне күмәнді. Оның сөзінше, Президент бұйрығын орындауға қатысты құқық пен әділдік орнату мүмкін емес. Ақ үй бұл қадамды «сатқындық» деп бағалап отыр. Салли Йейтстің орнына бұрынғы Шығыс Виргиния аймағының прокуроры Дана Боент тағайындалған. АҚШ тарихында соңғы рет 1973-ші жылы Уотергейт дауынан кейін, сол кездегі президент Никсон елдің бас прокурорын жұмыстан босатты.

Еске салсақ, 28-ші қаңтар күні Трамп АҚШ шекарасына 7 бірдей мұсылман елінің азаматтарына кіруге тиым салған бұйрыққа қол қойды. Ақ үй басшысы бұл терроризмге қарсы жасалып отырған қадам деп отыр. Алайда бұл тек АҚШ-тың өзінде емес, Еуропа мен Таяу шығыста наразылық тудырып, сынға ұшырауда. Тіпті бүгін Иран АҚШ-тың бұл ісіне қарсы амалдар қарастырып жатқаны белгілі болды.